Қазақстандық кәсіпқой боксшы, орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағына ие Геннадий Головкин туған жері Майқұдықтағы өз аты берілген спорт кешенінің ашылуына қатысты, деп хабарлайды vesti.kz.
Салтанатты шараға боксшымен бірге Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов та келді. Қарағанды облысы әкімдігінің бастамасымен бой көтерген Геннадий Головкин атындағы спорт кешені үш қабаттан тұрады. Ішінде 25 метрлік жүзу бассейні, ауыр атлетика залы,көрермендер отыратын орны бар әмбебап алаң және бокс залы бар. Балалар спорт кешенінде тегін жаттығатын болады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу