Геннадий Головкин промоутер болмақ

651

GGG жас боксшыларды ілгерлетуге қатысты жоспарын айтты.

Геннадий Головкин промоутер болмақ

Жуырда DAZN стриминг қызметімен келісімшартқа отырған қазақстандық Геннадий Головкин өзінің GGG Promotions компаниясын дамыту туралы айтып берді, деп хабарлайды vesti.kz.

Үш жылдық келісімшарт бойынша қазақстандық алты жекпе-жек өткізеді. Оның үстіне 2020 және 2021 жылдары Головкин GGG Promotions боксшылары үшін DAZN-де төрт бокс кешін ұйымдастыра алады.

Головкин жас боксшыларды тәрбиелеуге қатысты сұраққа жауап берді.

"Жауапкершілік бар, өйткені мен DAZN-ге промоутерлік компаниямды әкеліп отырмын және өз жігіттеріме бокс әлемінде дамуға көмектескім келеді... Бокстың дәл қазіргі жағдайына қатысты тәжірибе мол. Мен өткен мен болашақ туралы айтқым келмейді. Қазір не бар – бізде бар ақпаратпен бөлісіп, кеңес береміз. Білімге құштар жігіттерді күтемін, үйретуге қуанышты боламын. Жарамды ұсынысы бар жігіттерді қарастырамыз, тек, күлкілілері керек емес. Шынымен жұдырықтасуға ынтасы барлар келсін", – дейді спортшы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу