Геннадий Головкин төлқұжат ауыстырды

404

Былғары қолғап шебері құжат ауыстыру үшін алдын ала онлайн жазылған. 

Геннадий Головкин төлқұжат ауыстырды Фото: Sports.ru

Танымал боксшы әрі Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Астанадағы халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде болып, төлқұжат ауыстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі хабарлады.

"Аты аңызға айналған Геннадий Головкин елордадағы халыққа қызмет көрсету орталығында болды. Ол төлқұжатын ауыстыру үшін алдын ала онлайн жазылды. Чемпионды Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиевтің өзі қарсы алды", – делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу