Геннадий Головкин туралы деректі фильм түсіріліп жатыр

788

Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді.

Геннадий Головкин туралы деректі фильм түсіріліп жатыр

Голливудттың танымал әртісі әрі продюсері Марк Уолберг Геннадий Головкин туралы түсіріліп жатқан фильмнің продюсері болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"40 дней" атты фильмді DAZN стриминг компаниясы түсіріп жатыр. Туынды GGG мен канадалық Стив Роллстың кездесуіне орайластырылған.

"Бокстың жанкүйері ретінде DAZN компаниясымен әріптестікке қуаныштымын. Бұл туынды Геннадийдің жекпе-жекке деген дайындығын көрсетеді",– деді Марка Уолберг BoxingScene басылымына.

"40 дней" – әлемегі әйігілі боксшылар туралы деректі туынды. Головкин – Роллс жекпе-жегі жайлы бөлімі DAZN мен Unrealistic Ideas және Film 45 әріптестігімен түсірілген.

"GGG-дің Big Bear лагеріне барғанда біз Головкиннен оның тарихын кім айтып бере алатынын сұрадық. Ол бірден Марка Уолберг пен Питер Бергті ұсынды", – деді  DAZN компаниясының өкілі Джейми Горовиц.

Айта кетейік, Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Оның қарсыласы – Стив Роллс (19-0, 10 КО). Боксшылар 164 фунтқа дейінгі аралықтағы салмақта өнер көрсетеді. Бұл бокс кеші – қазақстандықтың DAZN компаниясымен үшжылдық келісімшартының алғашқы жекпе-жегі. Сондай-ақ оның боксшының жаңа бапкердің қол астындағы алғашқы кезесуі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу