Геннадий Головкин Украинадағы жағдайға қатысты пікірін айтты

3923

WBA және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин Украинадағы жағдайға қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Геннадий Головкин Украинадағы жағдайға қатысты пікірін айтты

Fightnews.info басылымының жазуынша, Генадий мұны "жаһандық трагедия" деп атаған.

"Қазіргі болып жатқанның барлығы – жаһандық трагедия. Мен оған сәл басқаша көзқараспен қараймын. Яғни сырттай қарауға мүмкіндік береді. Сыртқы көзқарас менің ойымды өзгертпейді. Мен үшін болып жатқан жайт – трагедия. (...) Егер кінәлі болған болса, міндетті түрде жауапкершілікке тартылар еді. Бұл туралы айту маған қиын. Мен мұндай жаһандық сұрақтарға жауап беретін саясаттанушы емеспін", – деді Геннадий Головкин баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Головкин өзінің "Канеломен" үшінші жекпе-жегі төрт жыл бұрын өткен болса, бүгінгіден қызығырақ болатынын атап өтті.

Айта кетелік, 17 қыркүйекте Головкин мен Канелоның үшінші жекпе-жегі Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) T-Mobile аренасында өтеді.

Ая Өміртай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу