Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетіне жаңа бас хатшы тағайындады

273

Meta-ratings хабарлауынша бұл қызметке Әлімжан Ақаев ұсынылды, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Геннадий Головкин Ұлттық Олимпиада комитетіне жаңа бас хатшы тағайындады Фото: t.me/atamekenbusiness_sport

ҰОК жарғысына сәйкес бас хатшы қызметіне сайлау арқылы тағайындалады. Сондықтан Ақаевтың кандидатурасын жалпы ассамблея мақұлдауы керек және барлық ұлттық олимпиадалық спорт федерацияларының президенттері дауыс береді.

27 тамызда Ақаев 39 жасқа толады. Қазіргі таңда ол ҰОК халықаралық істер жөніндегі кеңесші қызметін атқарады. Ақаев ҰОК-та 2016 жылдан бері жұмыс істейді және халықаралық ынтымақтастыққа жауапты.

Естеріңізге сала кетейік, 21 тамызда Головкин бас хатшы Жанар Өтешеваны қызметінен босату туралы бұйрыққа қол қойып, Бас ассамблеяда "сенімін жоғалтуына байланысты" оны қызметінен босату мәселесін көтерді.

Өтешева 2013 жылдан бері Головкиннің PR менеджері қызметін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу