Геннадий Головкин жапондық Риота Муратаны жеңді

1129

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) болған айқаста жеңіске жетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Геннадий Головкин жапондық Риота Муратаны жеңді Фото: inform.kz

Сайтамадағы (Жапония) IBF және IBO тұжырымдары бойынша өткен бокс кеші орта салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкиннің пайдасына шешілді.

Ол WBA суперчемпионы белбеуінің иегері, жапондық Риота Муратаны 9-раундта нокдаунға түсірді.

Total Sport сайтының хабарлауынша, GGG жапон боксшысы Риота Муратамен жекпе-жегі үшін 5 млн доллар көлемінде кепілдендірілген гонорар және оған қоса PPV-дің 70% үлесін алады. Бұл шамамен 12-15 млн доллар.

Еске салсақ, "GGG" кеше 40 жасқа толды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Геннадий боксшыны туған күнімен құттықтап, тілектестігін білдірген еді.

Геннадий Головкинді айқын жеңісімен құттықтаймыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу