Геннадий Головкин жарақат алып қалды

2257

Титулды жекпе-жек уақыты осымен үш рет шегерілді.

Геннадий Головкин жарақат алып қалды Фото: prosports.kz

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) жарақат алып қалды, деп хабарлайды kaz.vesti.kz. 

Осыған байланысты Головкин және оның командасы IBF ұйымына титулды қорғауды шегеруді сұрады. Мәлімет бойынша, GGG-дің міндетті қарсыласы польшалық Камил Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы жекпе-жегі мамыр немесе маусымда өтеді. 

Бастапқыда GGG рингке ақпанда шығады деп күтілген, алайда кейін жекпе-жек уақыты наурызға өзгертілді. Осыдан кейін тағы да 11 сәуірге шегерілді, ал кездесу өтетін орын ретінде АҚШ-тың Чикаго қаласы аталған. Сонымен қатар, бұл жекпе-жек Қазақстанда өтуі ықтимал екені де хабарланған. 

Осыған байланысты DAZN өкілі Головкин – Шеремета жекпе-жегін өткізетін басқа уақыт қарастырып жатқандарын растады. Ал боксшының промоутері Том Леффлер жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу