Геннадий Головкинге әзірге қарсылас табылған жоқ

739

Головкин мен Альварес арасында үшінші кездесу өткізу туралы келіссөздер тығырыққа тірелген.

Геннадий Головкинге әзірге қарсылас табылған жоқ

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (39-1-1, 35 КО) қыркүйекте өтетін бокс кешінде қарсылассыз қалатын секілді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Басында GGG 14 қыркүйекте Сауль "Канело" Альвареспен (52-1-2, 35 КО) үшінші кездесу өткізбекші болған, алайда мексикалық боксшы бұл ұсынысты қабылдамай, кездесуді жыл соңына шегеруді ұсынды.

Осыдан кейін, Головкин тағы бір мексикалық боксшы – бірінші орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Хайме Мунгиямен (33-0, 26 КО) келіссөздер жүргізіп жатқаны айтылды. Мексикалық боксшы жаңа салмаққа өтуге дайын екенін жеткізген.

Альварестің промоутерлері (Golden Boy Promotions) Головкинге 14 қыркүйекті бергісі жоқ, өйткені ол күні Мексиканың Тәуелсіздік күні аталып өтіледі. GBP осы күні бокс кешін ұйымдастырып, бокс кешінің басты кездесуінде Мунгияны америкалық Джесси Варгасқа (29-2-2, 11 KO) қарсы қоймақ.

Варгас болса Мунгиямен келіссөздер жүріп жатқанын растады. Алайда бүге-шігесіне дейін айтудан бас тартты.

Головкин мен Альварес арасында үшінші кездесу өткізу туралы келіссөздер тығырыққа тірелген. Қазақстандық боксшы кездесуді Лас-Вегаста өткізуден бас тартқан.

Альварес үшінші кездесуге қатты қызығып отырмағаны да айтылады. Ол қазақстандық боксшының соның арқасында ақша тапқанын қаламайтынын айтқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу