Геннадий Головкинге қарсылас ретінде екі боксшының есімі аталып отыр

639

Жекпе-жек өткізуге Alamodome аренасы (Сан-Антонио) басты орын ретінде қарастырылып отыр, өйткені Головкин Лас-Вегас, Нью-Йорке және Лос-Анджелесте де жұдырықтасқан.

 Геннадий Головкинге қарсылас ретінде екі боксшының есімі аталып отыр

Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) келесі жекпе-жегін маусымда өткізеді және бұл DAZN стриминг қызметімен үш жылдық келісімшарт бойынша алғашқы жұдырықтасу болмақ, деп хабарлайды vesti.kz. 

Бұл жекпе-жекте қазақстандыққа қарсылас ретінде польшалық Камил Шеремета (19-0, 4 KO) мен америкалық Брэндон Адамстың (21-2, 13 КО) есімі аталып отыр.

ExpressNews.com мәліметнше, жекпе-жек өтетін орынға қатысты Головкиннің командасы төрт қаланы қарастырып оытр: Сан-Антонио, Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Лас-Вегас.

GGG-дің жұмысын жүргізетін Том Леффлермен тілдескен промоутер Лестер Бедфордтың сөзінше, Alamodome аренасы (Сан-Антонио) басты орын ретінде қарастырылып отыр, өйткені Головкин Лас-Вегас, Нью-Йорке және Лос-Анджелесте де жұдырықтасқан.

"Бізде Головкиннің жекпе-жегін қабылдауға шынымен жақсы мүмкіндік бар сияқты. Апта соңында анық болады", – дейді Бедфорд. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу