Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

1226

Осы жолы Головкиннің қарсыласы – өзі сияқты IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионына үміткер.

Геннадий Головкиннің келесі қарсыласы белгілі болды

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) келесі қарсыласы анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Осы жолы Головкиннің қарсыласы – өзі сияқты IBF тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионына үміткер, поляк боксшысы Камил Шеремета (21-0, 5 КО) болмақ. Геннадийдің айтуынша, ол Шереметамен жекпе-жек өткізу туралы коронавирус пандемиясына дейін келіскен және "өзінің міндеттері мен уәдесін орындауға дайын".

Бұл жекпе-жектен кейін Головкин Мексика боксшысы Сауль Альвареспен (53-1-2, 36 КО) көптен күткен айқасқа дайындалатыны күтілуде. Қазақстандық боксшы "Канеломен" мамыр немесе қыркүйек айында жұдырықтасуға дайын болғанын, бірақ қарсыласы жекпе-жектен қашқақтап, британдық боксшы Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) келіссөздер жүргізіп кеткенін атап өтті.

Фото: Prosports.kz

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу