Геннадий мен Альварес жекпе-жегінің орны ресми белгіленді

555

Геннадий мен Альварес жекпе-жегінің орны ресми белгіленді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жек Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) өтетін болды, деп хабарлайды 24.kz.

"Канело"-Головкин жекпе-жегі 16 қыркүйек күні Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада) "T-Mobile" аренасында өтетінін ресми түрде хабарлаймын. Жанкүйерлер үшін керемет бокс кеші болмақ", – деп жазды отандасымыздың промоутері  Том Леффлер Тwitter парақшасында.

Геннадий Головкин T-Mobile Arena кешенінде, жалпы Лас-Вегаста жекпе-жек өткізбеген. Ал "Канело" болса Лас-Вегаста 10 кездесу өткізген. Сауль "Канело" Альвареске қарсы жекпе-жекте Геннадий Головкин орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO чемпиондық атақтарын қорғайды. Мексикалық The Ring журналының белбеуін бәске тігетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу