Геннадий Шиповских жетімдердің баспанаға қолы жетпей жүргенін айтты

Депутат өткен жылы кезекте тұрған 62 мыңнан аса жетімнің 809-ы ғана баспаналы болғанын жеткізді.  

Геннадий Шиповских жетімдердің баспанаға қолы жетпей жүргенін айтты Фото: islam news

Ол депутаттық сауалды Үкімет басшысы Олжас Бектеновке жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Геннадий Шиповских қоғамда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың болуы табиғи жайт екенін айтып, бірқатар қиындықты сөз өтті. 

– Үкімет тарапынан жетімдерге жан-жақты қолдау көрсетіліп жатыр. Десек те, "сол қолдауларды алу барысында қандай қиындықтарға тап болады және көрсетілген қолдау жеткілікті ме?" деген орынды сұрақ туындайды. 

Мәселен, Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға баспана алуға арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдіктер қарастырылғанын айтап, ақпарат беруде. Алайда, 2022 жылы шекті жасқа толған жетім балалардың 61471-і мемлекеттік тұрғын үй қорында кезекке тұрса, оның небәрі 852-сі ғана баспаналы болған. Дәл солай 2023 жылы кезекте тұрған 62290 азаматтың 809-ы ғана баспанаға қол жеткізген екен, - деді ол депутаттық сауалында. 

Сондай-ақ, Геннадий Шиповских шекті жасқа толған жетім балаларға арналған "Баспана" бағдарламасын әзірлеуді және жетімдерді оқу орнынан соң тұрақты жұмыспен қамту туралы бағдарлама дайындауды ұсыныс ретінде айтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу