Геоақпарат орталығында жер учаскесін беру мүмкіндігі болады

711

Астананың электронды жер картасы жасалып жатыр. 

Геоақпарат орталығында жер учаскесін беру мүмкіндігі болады

Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру басқармасының бөлім басшысы Даниял Айткеновтің айтуынша, жоба жүзеге асқаннан кейін жер учаскесі жайлы толық ақпаратты нақты уақыт режимінде алуға болады.

"Астананың электронды жер картасы жасалып жатыр. Нақты уақыт режимінде жер учаскесі туралы оның кадастрлық нөмірінен бастап, коммерциялық меншігіне дейін білуге болады. Барлық функционал 2D геоақпараттық платформа түрінде жасалады және 3D фотографиялық мәліметтер базасына арналған 3D карталары да әзірленеді. Оны жасау үшін қала үстінен 5 мың мәрте ұшу ұйымдастырдық әрі 1 пикселге 3 см дәлдікпен Нұр-Сұлтанның жер учаскелерін цифрландырдық. Сонымен қатар геоақпарат орталығында цифрлық мемлекеттік қызметтер, мысалы, Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры шеңберінде жер учаскелерін беру мүмкіндігі болады", – деді Даниял Айткенов.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу