Географиядан халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар алтын және қола жеңіп алды

412

Индонезияның Бандунг қаласында IGeO-2023 географиядан халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті. 

Географиядан халықаралық олимпиадада қазақстандық оқушылар алтын және қола жеңіп алды Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Еске сала кетсек, ел намысын география пәнінен республикалық олимпиаданың төрт жеңімпазы қорғаған. Олар үш тур бойынша жарысты: жазбаша тест, мультимедиялық тест және практикалық тапсырма.

Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша медальдар қоржыны екі жүлдемен толықты:

  • Алтын – Санжар Хамитов – Ақтөбе қаласындағы НЗМ 11 сынып оқушысы;
  • Қола - Арсен Сыдықов  –Шымкент қаласындағы НЗМ 10 сынып оқушысы.

Айта кетсек, IGeO алғаш рет 1996 жылы Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен Гаагада өткізілген болатын. Қазақстан құрама командасы олимпиадаға 2012 жылдан бері қатысып, барлығы 3 алтын, 1 күміс және 4 қола жеңіп алды.

Олимпиаданың негізгі міндеттері – оқушылардың географияға және қоршаған орта туралы ғылымдарға қызығушылығын ынталандыру, халықаралық өзара байланысты нығайту. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу