Геология комитеті төрағасының орынбасары көз жұмды

985

Геология комитеті төрағасының орынбасары көз жұмды

ҚР инвестициялар және даму министрлігінің геология комитеті төрағасының орынбасары Жақсылық Назаралы өмірден озды. Бұл ақпаратты аталған министрліктен де растап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жақсылық Назаралы бүгін  ҚР парламенті мәжілісінде еліміздің елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналған парламенттік тыңдауға қатысуы тиіс болатын. Алайда, шара басталар алдында ол өзін жайсыз сезініп, жедел жәрдем шақырылған. Нақтыланбаған дерекке сәйкес, ол ауруханаға бара жатқан жолда өмірден озған.  

53 жастағы Жақсылық Назаралы 2017 жылдың 21 тамызынан Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары болған еді.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу