Геологтар ШҚО-да айрықша металл қорын тапты

958

Геологтар ШҚО-да айрықша металл қорын тапты

Сирек және сирек кездесетін металдардың ішінде литий зор сұранысқа ие бола бастаған. Геологтар облыста бұл бағалы металдың мол қоры бар екенін зерттеп, анықтады, деп жазады altaynews. 

Кейбір елдер мұнаймен теңестіріп жатқан күміс түстес бұл аса бағалы, жеңіл металл түрі шыны және керамика өнеркәсібі салаларына (31 %) көп пайдаланылуда. Шыны өндіруде литийді  аз мөлшерде қосу қуат көзін тұтынуды 5-10% азайтады. Электромобиль өндіруге аса қажет  литий аккумулятор батареяларын шығаруға да кеңінен қолданылады, тұтыну көлемі- 23%. Аталған металл қажетті қорытпаларды әзірлеу кезінде металлургия өнеркәсібінде жиі қолданылады. Сарапшылар  алдағы уақытта литийге деген сұраныстың арта бермек екендігін айтуда.

2015 жылы "Өңірлік, геологиялық-түсіру, іздеу-бағалау және іздеу-барлау жұмыстары" бюджеттік бағдарламасы бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен Жоғарғы Еспе сирек металл учаскесінде іздестіру-бағалау жұмыстары басталды. Ол Аягөз ауданының аумағында Аягөз қаласынан солтүстік шығысқа қарай 88 шақырымда орналасқан, жұмыстарды  "Қазгеология" ҰГК" АҚ жүргізіп жатыр. Бұл жақта пирохлор, гагаринит, торит, циркон, ксенотим, монацит, гадолинит, фенакит минералдары бар екендігі анықталған.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу