Геологтардың кәсіби мерекесіне орай байқау жарияланды

497

ҚР ИИДМ-нің Геология комитеті "Ұлттық геологиялық қызмет" АҚ-мен бірлесіп, геологтардың кәсіби мерекесіне байланысты арнайы конкурс өткізеді.  

Геологтардың кәсіби мерекесіне орай байқау жарияланды Фото: egemen.kz

Байқауға БАҚ өкілдерінің, оның ішінде журналистердің, сондай-ақ блогерлер мен конкурстың шарттарын орындаған азаматтардың жұмыстары қабылданады, деп жазады inbusiness.kz.

Конкурстың талаптары келесідей:

  • байқауға геологиялық тақырыпқа арналған және халық арасында осы саланы кеңінен наситтауға байланысты дайындалған авторлық бейнероликтер, мақалалар, телебағдарламалар немесе радиохабарлар қабылданады;
  • материалдар 2023 жылдың 6 ақпаны мен 25 наурызы аралығында әлеуметтік желілерде немесе жеке блогтарда жариялануы керек;
  • қатысушының сәйкестендіру нөмірін алу үшін материалды немесе сілтемені geocontest@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет. (аталған поштаға жіберілмеген материалдар байқауға қатыстырылмайды).

Бірінші орын алған жеңімпазға 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық табысталады. Екінші орын алған жүлдегерге 70 мың теңге берілсе, үздік үштікті түйіндейтін қатысушы 50 мың теңге шамасындағы қаржылай жүлдені иеленеді.

 

Толығырақ:

https://ngs.geology.kz/ru/about-us/news

https://www.gov.kz/memleket/entities/geology?lang=kk

Қосымша ақпаратты geocontest@mail.ru электронды поштасына хабарласып, алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу