Георадар көрсеткен зат автобус болмай шықты

420

Ішіндегі екі адамымен Майқайыңда шұңқырға құлап кеткен автобус әлі табылмай жатыр.

Георадар көрсеткен зат автобус болмай шықты Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Екі аптадан аса уақыт бұрын георадар көрсеткен жер астындағы зат автобус болмай шықты. Кеше іздестірушілер ұзындығы екі метр болатын құбыр сынығын тапқан. Қазір шұңқырда екі шағын эксковатор қазба жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ал 19 күннен бері жақсы хабар күткен жоғалғандардың туыстары Президенттен көмек сұрап үндеу жолдады.

Нұрсұлу Шаймерден күйеуі Айдостан бір хабар бола ма деп күнде осы шұңқырдың жанына келеді. Үйде кәмелетке толмаған бес бірдей баласы, ата-анасы күтіп отыр. Аяқ көсіліп, ас су ішуден қалған, осы жерде көлік ішінде талғажау етіп құтқарушылардан жақсы хабар күтіп жүргеніне 19 тәулік. Амалы таусылған Нұрсұлу мемлекет басшысынан көмек сұрайды. 

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұраймыз. Бізге көмектесіп халықаралық дәрежеде Түркия, Қытай, Ресей мемлекеттерінен техника немесе көмек неге сұрамасқа деп отырмыз. Үйде әкесін күтіп бес бала отыр. Жалғызұлын жоқтап ата-енем күтіп отыр", - дейді Табылмай жатқан құтқарушының жары Нұрсұлу Шаймерден. 

Автобус жүргізушісі Айып Тілеубергеновтің де ет жақындары 19 күннен бері осында.Үйлеріне бармастан көлік ішінде түнеп, күдер үзбей жүр.

"Қазба жұмыстары жүріп жатыр бірақ мардымсыз. Ана жолы әкелген сканерлері автобустың жатқан жерін көрсеткен, сұлбасын деп айтып бізді тыныштандырып қойған. Одан бері міне 19 күн қазып жатыр, бірақ нәтиже жоқ. Ана сканердің көрсеткен жерінен біти-біти темірлер шығып жатыр. Кеше алды күні тағы да қайтадан сканерді шақырып сканировать етті, бірақ көрсеткен жерінен тағы ештеңе шыққан жоқ", - дейді автобус жүргізушісінің інісі Аманкелді Тілеубергенов. 

Кешеден бері шұңқыр түбіне екінші шағын эксковаторды түсірген. Үш рет георадар арқылы сканер жасады. Әйтсе де, ол құрылғы ірілі-ұсақты темірдің бәріне сезімтал. Сондықтан, сканерге түскен заттың нақты автобус екенін айту қиын, дейді құтқарушылар.

Алғашқы сканерден кейін автобус болуы мүмкін деген жерден екі метрлік құбыр сынығы шығыпты.

"Ол нақты автобусты көрсете алмайды. Металл сынықтарының бар екенін көрсетеді. Біз ол жерді қазып алып шығамыз. Ал, сканерде автобус немесе құбыр екені нақты көрінбейді. Георадар 4-тен 18 аумақты сканерлей алады. Қазір бір шұңқырдың басқа жағын қазып жатырмыз", - дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Олег Трещев. 

Жер жұтып қойған автобус ішіндегі адамдардың туыс-туғандары іздестіру жұмыстарының созылып кеткенінен қорқады. Сол себепті өзге елдерден көмек немесе құрылғылар сұрауды өтінуде. Төзімнің де таусылатын күні бар дейді. Айта кетерлігі, қаңтардың 4-не қараған түні Майқайыңалтын" кеніш аумағында жер опырылып, ортасына түсті. Оған ішінде төрт адам бар автобус құлаған. Екі құтқарушының денесі ертеңінде табылған, екеуі автобуспен бірге әлі іздестіріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу