Георгий Шейко спорттық жүрістен Азияның күміс жүлдегері атанды

604

Ол Олимпиадаға іріктеу нормативін орындады.

Георгий Шейко спорттық жүрістен Азияның күміс жүлдегері атанды

Жапонияның Номи қаласында спорттық жүрістен Азия чемпионаты аяқталып, 20 шақырымдық жарыста қазақстандық Георгий Шейко күміс медаль иеленді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Шейко аталған қашықтықты 1 сағат 20 минут 21 секундта жүріп өтті. Біздің спортшы жапондық Тошиказа Яманишиге ғана есе жіберді. Жарыс жеңімпазының уақыт көрсеткіші – 1:17:15. Үшінші орында  – кореялық спортшы Чо. 

Айта кетелік, Георгий Шейко 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін нормативті орындады. Жолдамаға ілігу үшін 20 шақырымды 1:21:00 уақыт көрсеткішінде жүріп өтуге тиіс. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу