Геосаяси белгісіздік – бағаның өсуіне әкелетін негізгі тәуекел

"Астық мәмілесін" жаңғыртпаудан азық-түліктің әлемдік бағасы өсуі мүмкін.  

Геосаяси белгісіздік – бағаның өсуіне әкелетін негізгі тәуекел Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы Ұлттық Банк хабарлады. 

Реттеуші дерегінше, проинфляциялық тәуекелдер биыл фискалдық импульстің күшеюіне және инфляциялық күтулердің тұрақтанбауына байланысты. Сонымен қатар, биылғы бидай өнімі бойынша болжамдардың нашарлауы да маңызды фактор болып табылады.

"Геосаяси жағдайдағы белгісіздік – сыртқы секторда бағаның болашақ өсуін қалыптастыратын тәуекелдердің негізгі көзі. Тәуекелдерге Ресейдегі инфляцияның жеделдеуі мен "Астық мәмілесін" жаңғыртпаудан азық-түліктің әлемдік бағасының ықтимал өсуі жатады", – деп хабарлады реттеуші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу