Гепатиттің алдын алу үшін не істеу керек?

666

Астана қаласының коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Астана қаласы Гепатология орталығының басшысы Күнсұлу Шамсивалиева осы мәселелердің шешімін айтты. 

Гепатиттің алдын алу үшін не істеу керек? Фото: gov.kz

А, Е ішек гепатиттерінің алдын алу үшін мамандар салауатты өмір салтын ұстану, сапалы ауыз су тұтыну, қатерсіз азық-түлікті қолдану, елді мекендердегі тазалықты сақтау, жеке гигиена ережелерін ұстану және халықтың санитарлық сауаттылығын арттыруға кеңес береді.

"В және С гепатиті вирустарының алдын алу үшін жеке гигиена ережелерін сақтау, медициналық қызметкерлер тарапынан қолданатын аспаптар мен құралдарын дезинфекциялауын қатаң бақылау, инъекциялық есірткі мен жыныстық қатынастан бас тарту қажет", - дейді Гепатология орталығының басшысы.

Ол өз сөзінде елімізде 1998 жылдан бастап В гепатитіне қарсы халықты вакцинациялау бағдарламасы жұмыс істейтінін, сәбилер өмірге келген алғашқы күндерінен-ақ перзентхана қабырғасында В вирустық гепатитіне қарсы инфекциядан қорғайтын вакцина алатынын, ал екпелер емханалардың егу кабинеттерінде тегін жүргізілетінін тілге тиек етті.

"ДДҰ бағалау мәліметінше, әлемде шамамен 354 миллион адам В және С вирустық гепатитімен ауырады, соның ішінде жыл сайын 3 млн адам гепатиттің осы түріне шалдығып отырады.

В гепатитімен өмір сүретін адамдардың 90%-ы және С гепатитімен ауыратын адамдардың 80%-ы өздерінің аталған вирустарды жұқтырғандарын білмейді, өйткені бауыр аурулары жиі асимптоматикалық қасиетке тән", - деп ойын аяқтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу