Гептил қолданатын зымырандарды ұшыруға 2025 жылы тыйым салынады

841

Гептил қолданатын зымырандарды ұшыруға 2025 жылы тыйым салынады

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан улы гептил жағатын зымырандарды ұшыруға тыйым салу керек деп шырқыраған ұлт жанашырларының айқайы ақыры  билікке жеткен секілді. Депутаттар алдында есеп берген Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов "Протонға" тыйым салынатынын айтты, деп хабарлады 31 арна.

Айта кетейік, осыдан үш жыл бұрын "Протон" зымыран тасығышы Байқоңырдан ұша бергенде құлап, 600 тонна улы гептил төгілген болатын. Осыдан кейін табиғат жанашырлары киіктердің қырылуын апаттан көріп, гептил қолданатын зымырандарды ұшыруға тыйым салуды бірнеше жыл талап етіп келді. Бүгін Үкімет сағатына келген министр Бейбіт Атамқұлов "Протонның" тиімді екенін айтып, оның ұшуына 2025 жылдан бастап тыйым саламыз деді.

Жоспар бойынша, гептилді зымыран 2021 жылға дейін жылына жеті ретке дейін ұшырыла бермек. Ал 2025 жылдан бастап оның орнына "Сұңқар" деп аталатын экологиялық таза зымыран ұшырылуы мүмкін. Министр Ресеймен бірлесіп әзірленіп жатқан жобаның құны 750 миллион доллар дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу