Гератта жүрген Қазақстан құтқарушылары қирандыларды аршумен айналысуда

409

Тұрғындар негізінен жарақаттармен, күрделі стресс реакциясымен жүгінді.

Гератта жүрген Қазақстан құтқарушылары қирандыларды аршумен айналысуда Фото: ҚР ТЖМ

Қазақстанның құтқарушылары ауғанның Герат провинциясындағы Наиброфи елдімекенінде бір тәулік ішінде 76 учаскедегі үйіндіні бөлшектеді.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сонымен қатар, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен фельдшерлері 39 жергілікті тұрғынға, оның ішінде 5 балаға медициналық көмек көрсетті. Тұрғындар негізінен жарақаттармен, күрделі стресс реакциясымен жүгінді, тіпті суық тиіп сырқаттанған адамдарға да көмек көрсетілді.

"Бүгін таңғы сағат 06.32-де Герат қаласының маңында күшті афтершок тіркелді. Чолктула елді мекенінде зардап шеккендердің болуы мүмкін екені туралы ақпарат түсті, сол жерге 29 қазақстандық құтқарушы жіберілді.  Олар өздеріне бөлінген учаскедегі үйінділерді бөлшектеу жұмыстарын жүргізді, зардап шеккендер табылған жоқ. 10 тұрғынға медициналық көмек көрсетілді. Жұмыс аяқталғаннан кейін күштер мен құралдар зардап шеккен адамдарды іздеуді жалғастыру үшін Наиброфи елдімекеніне оралды", - делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу