Германия 15 маусымда шекарасын ашуы мүмкін

573

Шешім азаматтардың карантин шараларын тиісті дәрежеде ұстануына байланысты қабылданады.

Германия 15 маусымда шекарасын ашуы мүмкін

Германия шекарасында пандемияға байланысты енгізілген бақылау 15 маусымда тоқтатылуы мүмкін. Елдің Ішкі істер министрі Хорст Зеехофер осылай деді. 
"Кейбір шектеу шаралары қысқартылды. Бірақ халық ережеге бағынып, яғни маска тағып және басқалармен арадағы қашықтықты сақтаса, 15 маусымда қозғалыс қалпына келеді",– деді Зеехофер.

Еске сала кетсек, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирус індетін пандемия деп таныған болатын. Ұйымның соңғы мәліметіне сүйенсек, әлемде вирус жұқтырғандардың саны 4 миллионнан асып, оның 283 мыңы қаза тапқан. 

Табиғат Нұрболат 

Фото: france24.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу