Германия 2027 жылы бір елмен соғысқа дайын болуы керек – Сарапшы

Мұндай атышулы жаңалықты британдық Қорғаныс зерттеулерінің Корольдік біріккен институтының аға сарапшысы Эд Арнольд мәлімдеді. 

Германия 2027 жылы бір елмен соғысқа дайын болуы керек – Сарапшы Фото: BBC

Осыған дейін Германияның жоғары лауазымды әскери басшылары мен сарапшылары Ресеймен ықтимал соғысқа дайындықты күшейту қажеттігін бірнеше рет атап өткен еді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW басылымына сілтеме жасап. 

Сарапшының пікірінше, алдағы екі жылда НАТО елдері Ресеймен әскери қақтығысқа тартылуы мүмкін. Қауіп-қатер әсіресе, Сувалк дәлізі аймағында жоғары болып тұр. Бұл – Польша мен Литва арасындағы, Беларусь пен Калининград облысы шекараласатын стратегиялық маңызы бар аймақ.

Арнольдтың сөзінше, Германия қазірден бастап әскерді қаруландыруды жеделдетуі керек. Атап айтқанда, Leopard 2 A8 танктері, TAURUS қанатты зымырандары, Boxer бронемашиналары, IRIS-T және Gepard зениттік жүйелері секілді ауыр әскери техника көлемін арттырудың еш әбестігі жоқ. 

Сарапшы Германияны АҚШ-тан алынатын F-35 жойғыш ұшақтары мен Patriot әуе шабуылынан қорғаныс жүйелеріне қатысты шешімдерді қайта қарауға шақырған. Себебі, АҚШ-тағы саяси өзгерістер НАТО-ның қорғаныс стратегиясына әсер етуі мүмкін. 

– Украинадағы соғыс көрсеткендей, заманауи қару емес, қарсыластан сәл жақсырақ болу – маңызды артықшылық, – дейді Арнольд. 

Бүгінде дрондар соғыс алаңында кеңінен қолданылып отыр және бұл соғыс жүргізу әдістерінің өзгергенін дәлелдесе керек-ті. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу