Құрамына Социал-демократтар, "Жасылдар" және "еркін демократтар" кіретін Германияның жаңа үкіметі 2030 жылға дейін елдің көмір энергетикасынан бас тартатынын мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап. Бұған дейін билік бұл бастама 2040 жылға дейін жүзеге асырылатынын айтқан болатын.
"Климатты қорғау жоспар орындау үшін көмір генерациясынан шығу қажет", – деп жазылған құжатта.
Сондай-ақ жаңартылатын энергия көздерін дамыту процесі жеделдетіледі.
"Біз жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды 2030 жылға қарай шамамен 680-750 Вт/сағ тұтыну деңгейіне жеткіземіз. Тұтынудың осы деңгейінің 80%-ы жаңартылатын көздер арқылы жүзеге асырылуы керек", – дейді құжат авторлары.
Сонымен қатар 2030 жылға қарай Германияның жаңа үкіметі электромобильдер санын кем дегенде 15 миллионға дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Табиғат Нұрболат