Германия астанасында барлық әуе рейсі тоқтады

537

Әуежайдың 6 мыңға жуық қызметкері өз міндетін орындаудан бас тартты. 

Германия астанасында барлық әуе рейсі тоқтады Фото: Берлин трансфер

Бұл шешімге ауа райының қолайсыздығы емес, қызметкерлердің ереуілі себеп болып отыр, деп жазады inbusiness.kz "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Берлиндегі әуежай қаңырап бос тұр. Жұмысшы да, жолаушы да жоқ. Қызметкерлердің ереуілі салдарынан бүгін ұшуы тиіс 300-ден астам рейс тоқтады. Ұшып келе жатқан әуе кемелерінің бәрі дерлік Дрезден мен Лейпциг әуежайларына бағытталды. Әуре-сарсаңға түскен 35 мыңға жуық жолаушыға ұшу күнін өзгертуге немесе пойызды пайдалануға кеңесі берілді. Бұл көпшіліктің ашуын тудырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу