Германия әуежайларының тыныштығы тағы бұзылды

1611

Гамбург, Дюссельдорф пен Кельн әуежайларында қауіпсіздік қызметкерлері екі күндік ереуілге шықты. 

Германия әуежайларының тыныштығы тағы бұзылды Фото: static.dw.com

21 сәуірде оларға Штутгарт әуежайының қызметкерлері мен теміржолшылар қосылады.  

Гамбург, Дюссельдорф пен Кельн/Бонн әуежайларында қауіпсіздік қызметкерлерінің екі күндік ереуілі басталды, деп жазады inbusiness.kz DW сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Кельн/Бонн әуежайында 204 рейстің 121-і тоқтатылды, нәтижесінде 28 мыңға жуық жолаушы діттеген жеріне жете алмады. Дюссельдорфта да рейстер тоқтатылып, әуежайда күту уақыты созылған. Гамбург әуежайының басшылығы 20 және 21 сәуірде барлық рейстерді, сондай-ақ келетін рейстердің үштен бірін тоқтатты, нәтижесінде 80 мыңға жуық жолаушы ұшып кете алмады.

21 сәуірде Ver.di кәсіподағы бастаған ереуілге Штутгарт әуежайының қауіпсіздік қызметкерлері, сондай-ақ теміржол қызметкерлері қосылады. EVG теміржол көлігі кәсіподағы сағат 3.00-ден 11.00-ге дейін (Мәскеу уақытымен 7.00-16.00) ескерту ретінде ереуіл жариялады.

Ver.di әуежай жұмысшылары үшін түнгі жұмыс уақытында, демалыс әрі мереке күндері жұмыс ақысын көбейтуді, сондай-ақ үстеме ақы төлеуді талап етеді. 11 және 12 сәуірдегі тарифтік келіссөздер аясында тараптар келісімге келе алмады, келесі келіссөздер 27-28 сәуірге жоспарланған. EVG одағы неміс теміржол қызметкерлерінің жалақысын 12 пайызға, яғни айына кемінде 650 еуроға көтеруді сұрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу