Германия автоөндірушілері Қытай нарығындағы үлесінен айырылып жатыр

250

Бұл туралы статистикалық деректерден белгілі болды.

Германия автоөндірушілері Қытай нарығындағы үлесінен айырылып жатыр Фото: BILD

Қытайда неміс автоөндірушілерінің сату көрсеткіштері күрт құлдырады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап. 

Үшінші тоқсанда Volkswagen Қытайға 406 мыңға жуық автокөлік жеткізді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 38,5%-ға аз. Концерн бір тоқсан ішінде 5,8 млрд еуро көлемінде рекордтық шығынға батқан.

Мұндай жағдай Mercedes-Benz-де де байқалып отыр. Компанияның сатылым көрсеткіші жыл басынан 29%-ға азайса, Beijing Benz Automotive бірлескен кәсіпорны екінші тоқсанда 560 млн еуро шығынға батты. Бұл ретте қытайлық BYD компаниясы Германияда өз электромобильдерін тіркеу көрсеткішін 150%-ға арттырып, 206 мыңға жеткізген.

Канцлер Фридрих Мерц Азияға сапары барысында Қытай мен АҚШ тарапынан болатын экономикалық қысымға төтеп беру үшін халықаралық сауда альянсын құруды ұсынды. Ол Жапония мен Оңтүстік Кореяда жеткізу тізбегін нығайтуды қолдап отыр.

"Жаһандық жеткізу тізбегі саяси құралға айналып, негізгі технологияларға еркін қол жеткізу шектелген кезде, бұл тұтас аймақтардың дамуына, әл-ауқатына және түптеп келгенде қауіпсіздігіне қатер төндіреді", – деді Германия канцлері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу