Германия азаматын өлтірген студент қыз ұсталды

877

Германия азаматын өлтірген студент қыз ұсталды

Павлодарда Германия азаматын пышақтаған  бойжеткендер қамауға алынды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

25 жастағы жігітті жалдамалы пәтерде пышақтап тастаған олар енді тергеу біткенше абақтыда отырады.

Оқиға 13 қазан күні Усолка шағын ауданында Бекхожин көшесі, 9 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйде болған. Шетел азаматының мәйіті жалдамалы пәтердің балконынан табылған.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, бауыздалғаннан басқа, ер азаматтың денесінен 20-ға жуық пышақ жарақаты анықталған. Бұл қылмыстың ізін суытпай ашуға көп қабатты тұрғын үйдің подъезінде орнатылған бейнебақылау камерасының септігі тиген.

Мұндағы пәтерлердің бірінде шетел азаматымен болған бойжеткен шаһардағы медициналық колледжінің екінші курс студенті. Успен ауданының тұрғыны қалада құрбысымен бірге тұрған. Жігітпен сөзге келген қыз үйден шығып кетсе керек. Алайда кейін "Восточная кухня" дәмханасында даяршы болып қызмет етіп жүрген құрбысымен оралған. Пышақ ала келген олар жігітті бауыздап өлтірген.

"Қолға түскен қос азаматша "Топ болып адам өлтіру" бабы бойынша айыпталып отыр. Соттан үй қамаққа шығаруды өтінген олар енді екі ай тергеу изоляторында отырулары тиіс. Ал кінәлары дәлелденген жағдайда 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін", - дейді облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу