Германия Беларусьқа қарсы санкциялар туралы мәлімдеме жасады

928

АҚШ та шектеу енгізуі мүмкін.

Германия Беларусьқа қарсы санкциялар туралы мәлімдеме жасады

Егер Александр Лукашенконың режимі талапты орындамаса, Беларусь билігіне қарсы бағытталған еуропалық санкциялар күшейтіледі, деп хабарлайды Inbusiness.kz Германияның сыртқы істер министрі Хайко Маас мәлімдемесіне сілтема жасап.

Еуропалық Комиссия Беларусь мемлекетіне қарсы санкциялар жариялау үшін жұмыс атқарып жатқанын, сонымен қатар "санкциялар спиралін" дайындап жатқанын жариялаған еді. 

АҚШ та бұл елге шектеу енгізу жағын қарастырып жатыр. Америкалық президент Джо Байден Ақ үй қызметкерлеріне осы мәселені зерттеуді тапсырды. 
Бұған дейін Еуропалық Одақ беларусьтық әуе компанияларға өз елдерінің әуежайларына ұшуға және одақтың әуе кеңістігіне енуге тыйым салған болатын. Бұдан бөлек Еуропалық Одақ Халықаралық азаматтық авиация ұйымын Ryanair рейсінің қонуын тергеуге үндеп,Минскіге қарсы жаңа санкциялар енгізуге уәде берді.

Еске сала кетсек, 23 мамырда Афина-Вильнюс бағытында ұшып бара жатқан Ryanair ұшағы Минскіге шұғыл қонуға мәжбүр болды. Минск әуежайынан ұшаққа мина қойылған деген хабарлама жіберілген болатын. Әуе кемесі жерге қонғаннан кейін, Беларусь қауіпсіздік күштері борттағы Протасевичті тұтқындады. Лайнер бортында жарылғыш құрылғы бар деген деректер расталмады. Протасевичке экстремистік ұйым құрды және 2020 жылғы тамыздағы президенттік сайлаудан кейін жаппай тәртіпсіздікке шақырды деген айыптар тағылды.

Табиғат Нұрболат

Фото: Globallookpress.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу