Германия билігі көші-қонды шектеу үшін жаңа шаралар қабылдады

296

Италияның үлгісі бойынша, Олаф Шольц шетелде баспана беру туралы өтініштерді қарау мүмкіндігін зерттейді. 

Германия билігі көші-қонды шектеу үшін жаңа шаралар қабылдады Фото: pixabay.com

Германия канцлері Олаф Шольц пен 16 федералды штаттың басшылары көші-қонды шектеу үшін жаңа шаралар қабылдады, деп жазады inbusiness.kz сайты Euronews жаңалықтарына сілтеме жасап.

Негізгі даулы мәселелердің бірі баспана іздеушілерді ұстауға кететін шығындарға байланысты болды. Ал, федералды үкімет бұған көбірек үлес қосуға келісті.

"Біздің ортақ мақсатымыз – заңсыз көші-қонды тежеу. Бізге Еуропаның сыртқы шекараларын тиімді қорғау керек және бізге Еуропада ынтымақтастықты бөлу қажет. Енді елден пана сұрағандарға рұқсат берілмеген жағдайда, олар жаппай депортацияланады. Бұдан бөлек, мигранттарды заңсыз тасымалдаумен айналысқандарға қатысты да жаза күшейді. Билік осы шаралардың арқасында көші-қон дағдарысын шешпек", - деді Германия канцлері.

Сонымен қатар, Шольц Рим мен Тирана арасындағы жақында жасалған келісімнен үлгі ала отырып, шетелге баспана беру туралы өтініштерді қарау мүмкіндігін зерттеуге уәде берді. Оның шеңберінде Италия Албанияда босқындар орталықтарын салады және Жерорта теңізінде құтқарылған мигранттарды сол жерге жібереді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу