Германия билігі Tesla-ны клиенттер деректерін сақтай алмады деп айыптады

526

Алдын-ала мәліметтер бойынша, 100 гигабайт құпия ақпарат таралып кеткен.

Германия билігі Tesla-ны клиенттер деректерін сақтай алмады деп айыптады Фото: autonews.ru

Немістер Tesla тарапынан деректерді қорғауда айтулы оқылықтар болғанын алға тартады, деп хабарлайды inbusiness.kz CNBC-ке сілтеме жасап.

Америкалық электромобиль өндірушісі клиенттердің, қызметкерлер мен іскери серіктестердің деректерін дұрыс қорғай алмады - 100 гигабайттан астам құпия деректер таралып кеткен.

Tesla адвокатының айтуынша, бұрынғы қызметкер өзінің аккаунтын пайдаланып, оған қажетті ақпаратты алған. Енді компания күдікті шабуылдаушыны сотқа береді.

Бұл жағдай туралы Tesla еуропалық штаб-пәтері орналасқан Нидерландыдағы деректерді қорғау жөніндегі қадағалау органына хабарланды. Сонымен қатар, Tesla бұл мәселе бойынша Нидерланды билігіне алдын ала есеп берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу