Германия биыл босқындардың басым бөлігін елден шығармақшы

821

Германия биыл босқындардың басым бөлігін елден шығармақшы

2017 жылы Германия мигранттардың басым бөлігін ел аумағынан шығарады, деп мәлім етті  канцлер Ангела Меркель әкімшілігінің басшысы Петер Альтмайер.
Bild am Sonntag басылымына сұхбат берген ол 2016 жылы бассауға сұраған  700 өтініштің  300 мыңы қанағаттандырылмағанын тілге тиек етті.
2016 жылы Германия 80 мыңдай мигрантты депортациялады деді ол.
Бақылаушылардың айтуынша,  бұл алдағы қыркүйекте канцлер сайлауында сайлаушылар дауысын жинау үшін жасалып отырған қадам, өйткені Ангела Меркель мигранттар мәселесінде халықтың ықыласына бөленіп отырған жоқ. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу