Германия бюджетінің тапшылығы 80 миллиард еуродан асты

816

Бұл бірінші жарты жылдықта тіркелген көрсеткіш. 

Германия бюджетінің тапшылығы 80 миллиард еуродан асты

2021 жылдың алғашқы алты айында Германияның мемлекеттік бюджет тапшылығы 80 млрд еуродан асты, деп хабарлайды Inbusiness.kz Висбадендегі Федералды статистика департаментіне сілтеме жасап. 

"Пандемиямен күреске бағытталған шаралар мемлекеттік қазынаға ауыртпалық түсіріп отыр. Бұл 1991 жылы Германияның бірігуінен бергі ең нашар көрсеткіш", – деді бөлім өкілі Штефан Хауф.

2020 жылы Германия экономикасы екі локдаунға тап болды, екіншісі тек 2021 жылдың көктемінде қысқартыла бастады. Мемлекет бизнесті қолдауға миллиардтаған субсидия бөлді. Індет кесіріне Германиядағы негізгі экономикалық көрсеткіштер төмендеді.

Нақтырақ айтқанда, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 8,5%-ға қысқарды, ЖІӨ 5%-ға, импорт 9,3%-ға, экспорт 7,1%-ға төмендеді. Соңғы мәлімет бойынша, бұл елде коронавирус жұқтырғандардың саны 3,88 миллионнан асып, оның 92 мыңы қаза тапты. 

Табиғат Нұрболат

Фото: ria.ru

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу