Германия дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлерін Ресейден шығарды

679

Олардың нақты саны хабарланбады. 

Германия дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлерін Ресейден шығарды Фото: img5.eadaily.com

Дүйсенбіде Германия өкілдіктерінің кейбір қызметкерлері Ресейден кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz ГФР СІМ хабарламасына сілтеме жасап.

"Соңғы апталарда ГФР үкіметі Германияда Ресейдің арнайы қызметтерінің санын азайту мақсатында Ресей тарапымен байланыс орнатты", - делінген хабарламада.

Нәтижесінде ресейлік өкілдіктердің кейбір қызметкерлері Германиядан айдың ортасында кетті. "Олардың қызметі дипломатиялық мәртебеге сәйкес келмеді", — дейді Германия тарапының баспасөз қызметі.

"Кейін Ресей үкіметі Германиядан қанша ресейлік қызметкер шығарылса, сонша неміс өкілдіктерінің қызметкерлерінен елден кетуін сұрады. Олар 1 мамырда Ресейден кетті", - деп атап өтті СІМ.

Сәуір айының соңында Ресей СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова "Звезда" телеарнасының эфирінде Берлиннің әрекеттеріне жауап ретінде Мәскеуден 20-дан астам неміс дипломаттары шығарылатынын айтты.

Өз кезегінде, Bild газеті дереккөздерге сілтеме жасай отырып, онда жұмыс істейтін 90-ға жуық неміс дипломаттарының 34-і Ресейден кетуге мәжбүр екені хабарланды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу