Германия экономикасы тоқырауға ұшырады

2725

Мұндай рекордтық көрсеткіш соңғы жеті жылда болмаған  

 Германия экономикасы тоқырауға ұшырады

Германия экономикасы үлкен құлдырау алдында тұр. Елдегі зауыт жұмысы тоқырап, өндіріс көлемі күрт азайған. Неміс зауыттарының іскерлік белсенділік деңгейі 45-тен 43,1-ге төмендеген. Бұл көрсеткіш Bloomberg жасаған болжамдардан да төмен болып отыр. 

IHS Markit фирмасының экономисті Фил Смиттің айтуынша, көрсеткіштер тағы да нашарлап, салдарынан алдағы уақытта өндіріс құлдырауы бек мүмкін. 

Дегенмен қызмет көрсету саласы жақсы көрсеткішке ие болып отыр. Әйтсе де өндірістегі іркілістің кесірінен 2019 жылдың екінші жартысында еуроның күшеюі екіталай. Осы орайда Еуропалық орталық банктер экономикалық түйткілді шешу үшін пайыздық мөлшерлемені азайтуға бел буып отыр.

IHS Markit есебі бойынша, елдегі экономикалық тоқырауға экспорттық тапсырыстардың азаюы себеп болған. Қызмет көрсету саласына жұмысқа тұрғандар саны көбейгенімен, зауыт-фабрикалардағы қызметкерлерді қысқарту кең етек жая түскен. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу