Германия экономикасының қалпына келу қарқыны баяулады

922

2021 жылы ЖІӨ 4,7%-ға өседі.

Германия экономикасының қалпына келу қарқыны баяулады

Коронавирус пандемиясынан кейін Германия ЖІӨ-нің қалпына келу қарқыны бәсеңдеді. Бұл туралы Bloomberg басылымы хабарлады.

Сарапшылардың айтуынша, 2020 жылы ел экономикасы 5,4%-ға қысқарып, 2021 жылы 4,7%-ға өседі. Бұған дейінгі болжамдарда құлдырау көрсеткіші 4,2%, ал өсім 5,8%-ға жетеді деп жарияланған еді.

IFW Kiel экономикалық директоры Стефан Кутстың сөзінше, Германиядағы ахуал көктемдегі құлдыраудан кейін сәл де болса ретке келген көрінеді. "Қазір біз дәл осы қалыпта жұмыс істеуіміз керек, әйтпесе көрсеткіштер төмендеуі мүмкін", – деді Қаржы министрі Олаф Шольц.

Ел экономикасына коронавирус инфекциясын жұқтырғандар қатарының көбеюі әсер етіп отыр. 13 қазанда 6541 науқас тіркелген ,мұндай жоғары көрсеткіш көктемде байқалған еді. Ал 14 қазанда жұқтыру фактілері азайып, 4464 болды. 

Табиғат Нұрболат

Фото: vfokuse.org

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу