Германия ЭКСПО-да "Формула Е" жарыс көлігін таныстырады

764

Германия ЭКСПО-да "Формула Е" жарыс көлігін таныстырады

Электрлі тартылыс күші бар "Формула Е" жарыс автомобилі ЭКСПО-2017-нің Германиядағы павильонына қойылады. Мұны баспасөз мәслихатында креативті директор Андреас Хорбельт хабарлады. Оның айтуынша, тартылыс күші бар автомобиль – жаңа көлік жасаудың таптырмас көзі.

"Жаңғырмалы энергия көзінен қуат алатын электрлі тартылыс күшіне ие көлік – ауа-райына зияны тимейтін жаңа көлік жасап шығарудың таптырмас көзі. Біздің павильондарда лимузин, "Формула Е" жарыс көлігі және электр жетекті қос дөңгелекті көліктер қойылады дейді", – Андреас Хорбельт.

Сонымен қатар, ол ЭКСПО-2017 көрмесінде Германия павильонында "Болашақтың қаласына" кеңінен үңілуге мүмкіндік болатынын да айта кетті. Оның айтуынша, неміс павильондарында тұрғын үй мен көлік жайын жақсартуда оң шешімдер мен жаңартпалар ұсыналады.

Көрмеге келушілерге электромобильдер мен энергия алу үшін шығыннан гөрі қуат көзін көбірек бөлетін балдырмен көмкерілген үй алды жиектері бар "ақылды үй де" көрсетіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу