Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бүгінде Германия тарапынан сирек металдарға деген қызығушылық зор. Қазақстанда неміс компанияларының біреуі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Компания атауы - HMS bergbau AG. Олар литий бойынша геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Егер олар Қазақстанда литий тапса, немістер литий зауытын тұрғызуы мүмкін", - деді министр Ақорда кулуарында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу