Германия еліне қайтқысы келетін мигранттарға ақша бермек

1045

Германия еліне қайтқысы келетін мигранттарға ақша бермек

ГФР билігі заңсыз мигранттарды елдеріне депортациялайтын қымбат процедурадан ішінара бас тарту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Енді Германия аумағынан өз еркімен кететіндерге 6 мың еуро төленетін болады. Бұл қаржылық ынталандыру шарасы бірінші кезекте баспана алу туралы өтініштері қабылданбаған адамдарға, сондай-ақ балалары бар отбасыларға бағытталған.

ГФР ішкі істер министрі Томас де Мезьер өтемақы алу үшін Германиядан ақпан айына дейін кету керектігін мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Германия аумағында 115 мыңға жуық заңсыз көшіп келушілер бар. Билік олардың 80 мыңға жуығына Германияның аумағында жеке немесе саяси себептер бойынша қалуға рұқсат беруге дайын. 35 000 босқындар елден шұғыл кетуі қажет.

2017 жылы ГФР билігі 19,5 мың босқынды депортациялаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу