Әзербайжандық Report агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы ол Bild am Sonntag газетіне берген сұхбатында айтқан.
"Алғашқы шешімдер сәрсенбі күні қызметке кіріскеннен кейін қабылданады. Шекаралық бақылау күшейтіліп, елге кіргізілмейтіндер саны артады", – деді саясаткер.
Сонымен қатар, ол шекаралардың толық жабылмайтынын да атап өтті.
"Заңсыз миграция деңгейін төмендету қажет. Гуманизм мен тәртіпті тең ұстау үшін бақылау, анықтық пен жүйелілік керек. Осы мақсатта біз ұлттық және еуропалық шешімдер әзірлеп жатырмыз", – деп түйіндеді Добриндт.
6 мамырда Христиан-демократиялық одақтың жетекшісі Фридрих Мерц канцлер болып сайланады және жаңа Германия үкіметінің мүшелері ант қабылдайды.