Германия енді Ресей Федерациясының энергия ресурстарына тәуелді емес - министр

571

Ресейдің Украинаға басып кіруі басталғанға дейін Германия Ресей Федерациясынан өзіне қажетті табиғи газдың 55 пайызын, көмірдің жартысын, шикі мұнайдың 35 пайызын алып отырды.  

Германия енді Ресей Федерациясының энергия ресурстарына тәуелді емес - министр Фото: dw.com

Германия Ресейден энергия ресурстарының импортына тәуелді болуды толығымен тоқтатты, деп мәлімдеді британдық BBC медиа компаниясына берген сұхбатында ГФР Қаржы министрі Кристиан Линднер, деп жазады Inbusiness.kz.

Оның айтуынша, Германия өзінің энергетикалық инфрақұрылымын толығымен әртараптандырды және Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін жаңа энергия көздерін тапты.

"Иә, әрине, Германия әлі де энергия ресурстарының импорттауға мәжбүр. Бірақ бүгінде шикізат Ресейден емес, әлемдік нарықтардан импортталады", - деп атап өтті Линднер.

Энергетикалық инфрақұрылымды әртараптандыру шеңберінде ГФР билігі көмір электр станцияларының жұмысын қайта бастады, елде қалған үш атом электр станциясын жабу жоспарларын кейінге қалдырды. Ресейден басқа елдерден газ импортын ұлғайтты және Норвегиядан, АҚШ пен басқа елдерден келетін отын түрлері үшін қосымша қоймалар құрды. Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда (ДЭФ) сөйлеген сөзінде Линднер СТГ қабылдау үшін рекордтық мерзімде терминалдың салынғанын ерекше атап өтті.

"Бұл Германия саясатындағы үлкен өзгерістердің жарқын мысалы", - деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу