Германия ЕО экономикасын кері тартып отыр

459

Еуропалық комиссия (ЕК) өткен дүйсенбіде Еуроаймақтың 2023 және 2024 жылдарға арналған экономикалық өсу болжамдарын біршама қысқартты.

Германия ЕО экономикасын кері тартып отыр Фото: absatz.media

Өйткені ЕО-ның бірыңғай валюта аймағы жағдайы Германияның нашар көрсеткіштерімен — ескі әлемнің ең ірі экономикасы нәтижесімен ауырлады, деп жазады Inbusiness.kz France-Presse (AFP) басылымына сілтеме жасап.

ЕО атқарушы органы Германия экономикасы 2023 жылы 0,4 пайызға қысқарады деп болжады, бұл алдыңғы болжанғаг 0,2% өсімге кереғар көрсеткіш.

ГФР өзінің кең өнеркәсіптік секторында рецессияға ұшырап, Еуроаймақтың бүкіл экономикасына айтарлықтай әсер ететін экспорттың баяу көрсеткіштеріне тап болды.

ЕК Германияның өндірістік секторының әлсіздігіне назар аударды және бұл ел Украинадағы қақтығысқа байланысты энергия дағдарысынан "бәрінен артық зардап шекті" деп мәлімдеді.

Еуропалық орталық банктің (ЕОБ) пайыздық мөлшерлемені көтеру арқылы инфляцияны тежеу жөніндегі талпынысы еуроаймақ экономикасының өсу қарқынын бәсеңдетуге де ықпал етті, делінген ЕОБ отырысына бірнеше күн қалғанда, қарыз алу құнын қайтадан көтеру немесе ақша-несие саясатының ұқсас бағытын тоқтату туралы шешім қабылдау туралы баяндамада.

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Германия 2023 жылы қысқаратын әлемдегі жалғыз ірі дамыған экономика болады деп болжаған болатын.

Еуроаймақтағы және жалпы ЕО-дағы өсім жалғасады, бірақ осы жылдың басында болжанғаннан төмен болады. Мамыр айында ЕК 2023 жылы еуроаймақ экономикасы 1,1%-ға өсетінін айтты, бірақ бір күн бұрын бұл көрсеткіш 0,8%-ға дейін қайта қаралды.

"Өткен қыста біз рецессиядан құтылғанымызбен, биылғы жылы ЕО экономикасы біраз кедергілерге тап болып, біз ойлаған нәтижелерге жету мүмкін болмай отыр", — деді ЕО экономика комиссары Паоло Джентилони баспасөз мәслихатында.

ЕО-ның Бас атқарушы органы өз баяндамасында алдағы айларда "өнеркәсіптің әлсіздігін сақтай отырып, экономикалық белсенділіктің баяулауы және Еуропаның көптеген бөліктерінде күшті туристік маусымға қарамастан қызмет көрсету динамикасының төмендеуі" байқалатынын ескертті.

Бұл ретте Еуропа әлсіз әлемдік қарқын мен сұраныс аясында экспорт тарапынан "күшті қолдауға" да сене алмайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу