Германия ЕО санкцияларынсыз-ақ ресейлік газдан бас тартады

682

Бұл ел жыл соңына дейін логистикалық мәселені шешуді көздеп отыр.

Германия ЕО санкцияларынсыз-ақ ресейлік газдан бас тартады

Германия Ресей мұнайын импорттаудан 2022 жылдың соңына дейін бас тартады, деп хабарлайды inbusiness.kz Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап. Тіпті Еуропалық Одақ Мәскеуге қарсы санкциялардың келесі пакеті аясында мұнай эмбаргосын енгізу туралы ортақ келісімге келмесе де, Берлин осындай қадамға барады. 

Қазір Германия билігі басқа экпорттаушылармен келіссөздер жүргізіп жатыр. Бірақ Берлин нақты қай елдерден шикізат сатып алатынын жария еткен жоқ. Бұл ел шамамен 6-7 айда осыған қатысты логистикалық мәселені шешуді көздеп отыр. 

Бұған дейін Еуропалық одақ ресейлік газға деген тәуелділігін қысқарту үшін Африка мемлекеттерімен, нақтырақ айтқанда Ангола, Нигерия және Сенегалмен энергетика саласында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отырғаны хабарланған болатын. Еуропалық Комиссия Африка елдерінен газ жеткізу туралы келісімді мамыр айында дайындауы мүмкін.

Табиғат Нұрболат

Фото: expatica.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу