Германияда коронавирустың жаңа штамы табылды

887

15 қаңтарда АҚШ-та жаңа екі штамм анықталған еді.

Германияда коронавирустың жаңа штамы табылды Фото: rbc.ru

Германияда коронавирустың мутацияға ұшыраған түрі табылды. Баварияның Гармиш-Партенкирхен қаласының клиникасында коронавирус дертіне шалдыққан 73 адамның үшеуінен осы штамм анықталды. 

Жергілікті дәрігерлер жаңа штамның бұрынғысына қарағанда жұқпалы не жұқпалы еместігі туралы мәлімдеме жасамады. Әзірге оның қалай пайда болғаны да белгісіз. 

Гармиш-Партенкирхен өкілі Франц Нидербюльдің айтуынша, пандемия басталғалы коронавирустың 12 мың мутациясы тіркелген. Сондықтан жаңа штамм басқаларына қарағанда қауіпті деп айтуға негіз жоқ деген пікірде. 

Еске сала кетсек, 15 қаңтарда АҚШ-та жаңа екі штамм анықталған еді.Ал 2020 жылдың желтоқсан айының ортасында Британияда жаңа штамм таралғаны белгілі болды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу