Германия Литваға қосымша әскери контингент жібереді

837

Қаңтар айында Литваның Қорғаныс министрі Арвидас Анушаускас НАТО елдерінен Ресей әскери күштерінен қорғауды сұраған еді.

Германия Литваға қосымша әскери контингент жібереді

Германия үкіметі Литвадағы НАТО-ның құрама батальонына қосымша әскери контингент жіберу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz Литваның Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Келесі аптада Бундесвердің 350-ге жуық сарбазы мен офицері Литваға жөнелтіледі.

"Украина шекарасындағы жағдайды және Балтық елдеріндегі қауіпсіздік ахуалының нашарлауын ескере отырып Германия Литваға қосымша әскери қызметшілерді жіберу туралы шешім қабылдады", – деп жазылған хабарламада.

Қаңтар айында Литваның Қорғаныс министрлігінің басшысы Арвидас Анушаускас НАТО елдерінен Ресей әскери күштерінен қорғауды сұраған еді. Оның айтуынша, Беларуссияға жаттығу үшін келген ресейлік әскерилер қауіпсіздік жағдайын тұрақсыздандырып қана қоймай, Литваға қауіп төндіріп отыр.

7 ақпанда Германия қосымша әскер жіберуге дайын екенін мәлімдеді. 2017 жылдан бері Литвада орналасқан НАТО батальонының қолбасшылығы Германияның мойнында. Оның құрамында 1,2 мың әскери қызметші бар, олардың жартысына жуығы – Бундесвер сарбаздары.

Табиғат Нұрболат

Фото: afp.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу