Германия локдаунды 14 наурызға дейін ұзартпақ

797

Бұған бұрын 14 ақпанға дейін созылған еді.

Германия локдаунды 14 наурызға дейін ұзартпақ

Германияда шектеу шаралары 14 наурызға дейін ұзартылуы мүмкін, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Bild басылымына сілтеме жасап. Билік індеттің таралуын тежеу үшін осындай шешім қабылдамақ.

Бірақ канцлер Ангела Меркель, вице-канцлер Олаф Шольц, Баварияның премьер-министрі Маркус Зедер және Берлиннің бургомистрі Михаэль Мюллер 1 наурыздан бастап шаштараздарды, сонымен қатар балабақшалар мен мектептердің ашу мәселесін талқыламақ.

Бұған дейін Германия билігі коронавирустың таралуына байланысты шектеу шараларын 14 ақпанға дейін ұзартқан еді. Жалпыұлттық локдаун 2020 жылғы 2 қарашада енгізілген болатын. Қазіргі уақытта азық-түлік дүкендері, дәріханалар, оптика, банктер, газет дүңгіршектері, пошта бөлімшелері, үй жануарлары дүкендері мен медициналық орталықтардан басқа барлық мекемелер жабық. Мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшті. Қоғамдық көліктер мен дүкендерде қолдан жасалған қорғаныс маскаларын киюге тыйым салынды. Вирус көп таралған аймақтарда тұрғындарға себепсіз үйден шықпауға кеңес берілді. 

Табиғат Нұрболат

Фото: cnbc.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу