Германия локдаунды ұзартты

718

Маска кию ережесі қатаңдатылды.

Германия локдаунды ұзартты

Германия канцлері Ангела Меркель локдаунның 14 ақпанға дейін ұзартылатынын жариялады.

Ол аймақ басшыларымен бірнеше сағатқа созылған талқылау өткізгеннен кейін осындай шешімге келген. Канцлердің айтуынша, шектеу індеттің алдын алуға және вирустың таралуын бәсеңдетуге бағытталған.

Ереже бойынша, небәрі екі отбасы өкілдерінің кездесуіне рұқсат берілген. Мектептер жабылады. Жергілікті билік жұмыс берушілерді мүмкіндігінше қашықтан жұмыс істеу режиміне көшуге үндеді. Тағы бір жайт, маска кию ережесі қатаңдатылды. Қоғамдық көлік пен дүкен ішінде тұрғындар міндетті түрде бетперде киюге тиіс.

Германияда пандемия басталғалы 2,06 миллион адам вирус жұқтырған. Оның 1,71 миллионы жазылып, 47 мыңнан астамы қайтыс болды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу